Рецепт арқылы препараттар
Синарта (раствор)
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
- тізенің жеңіл және орташа остеоартрит симптомдарды жеңілдету.
Ампулалар
Бұлшықет ішіне енгізу
Ересектер мен 18 жастан асқан балаларға
Рецепт арқылы препараттар
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
Ампулалар
Бұлшықет ішіне енгізу
Ересектер мен 18 жастан асқан балаларға
Синарта®
Глюкозамин
Инъекцияға арналған 200 мг/мл 2 мл-ден ерітінді, 1мл (диэтаноламин) еріткішпен жиынтықта
Сүйек-бұлшықет жүйесі. Қабынуға қарсы/ ревматизмге қарсы препараттар. Қабынуға қарсы/ ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес. Стероидты емес қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы басқа препараттар. Глюкозамин.
АТХ коды: М01АХ05
-тізенің жеңіл және орташа остеоартрит симптомдарды жеңілдету.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препараттың инъекциялық түрінің құрамына қосымша зат лидокаин кіреді, оның мынадай қарсы көрсетілімдері бар:
Препарат құрамының қоспаларын басқа инъекциялық дәрілік заттармен пайдаланудан аулақ болу керек.
Пероральді антикоагулянттар
Кумарин антикоагулянттарын қабылдайтын пациенттер глюкозаминмен емді бастау немесе тоқтату кезінде мұқият бақылануы тиіс.
Тетрациклиндер
Тетрациклиндердің қатар қолданылуы сарысудағы тетрациклин концентрациясына әсер етуі мүмкін, бірақ бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңыздылығы шектеулі.
Глюкозаминдермен ықтимал өзара әрекеттесулер туралы шектеулі ақпаратқа байланысты, әдетте, бір мезгілде пайдаланылатын дәрілік препараттардың емдік жауабының немесе плазмадағы концентрациясының өзгеруі туралы білу керек.
Дәрілік өзара әрекеттесуге спецификалық зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда, глюкозамин сульфатының физика-химиялық және фармакокинетикалық қасиеттерін ескере отырып, өзара әрекеттесу әлеуеті төмен деп болжауға болады. Сонымен қатар, глюкозамин сульфаты адамның CYP450 негізгі ферменттерінің тежелуіне немесе белсенділігінің жоғарылауына әкелмейтіні анықталды.
Шын мәнінде, препарат абсорбция механизмдері үшін бәсекелеспейді, сіңуден кейін ол плазма ақуыздарымен байланыспайды, керісінше протеогликандарға эндогендік зат ретінде қосу жолымен метаболизденеді немесе цитохромы жүйесі ферменттерінің қатысуынсыз ыдырайды, соның салдарынан басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуге түсу ықтималдылығы аз.
Алайда, глюкозаминмен бір мезгілде емдеген кезде пациенттерде кумаринді антикоагулянттарды қолданудың күшейтілген әсері туралы хабарланды. Осыған байланысты мұндай пациенттер үшін коагуляция параметрлеріне бақылау жүргізген жөн.
Препарат қабынуға қарсы стероидты емес дәрілермен және глюкокортикостероидтармен үйлесімді.
Препараттың инъекциялық түрінің құрамына қосымша зат лидокаин кіреді. Циметидин, пептидин, бупивакаин, пропанолол, хинидин, дизопирамид, амитриптилин, нортриптилин, хлорпромазин, имипрамин қан сарысуындағы лидокаин деңгейін жоғарылатады, оның бауыр метаболизмін төмендетеді. Норадреналин лидокаинмен әрекеттескенде синергиялық әсерге ие.
МАО тежегіштерін сақтықпен қолдану керек, өйткені олар артериялық гипотензияның даму қаупін арттырады және соңғысының жергілікті анестетикалық әсерін ұзартады.
ІА класының аритмияға қарсы препараттармен (оның ішінде хинидинмен, прокаинамидпен, дизопирамидпен) бір мезгілде қолданғанда QT аралығының ұзаруы жүреді, жекелеген жағдайларда AV-блокада немесе қарыншалардың фибрилляциясы дамуы мүмкін.
Жүрек гликозидтерін қолданудың кардиотонустық әсері әлсірейді.
Тыныштандыратын дәрілермен бір мезгілде қолданған кезде тыныштандыру әсері күшейеді. Фенитоин лидокаиннің кардиодепресивті әсерін күшейтеді.
Прокаинамидпен бір мезгілде қолданғанда сандырақ, елестеулер болуы мүмкін.
Лидокаин жүйке-бұлшықет берілісінің блокадасын алдын ала анықтайтын препараттардың әсерін күшейте алады, өйткені соңғысы жүйке импульстарының өткізгіштігін төмендетеді. Этанол лидокаиннің тыныс алуды бәсеңдеткіш әсерін күшейтеді.
Арнайы ескертулер
Егде жастағы адамдарда қолдану
Ешқандай нақты фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ, бірақ клиникалық тәжірибеге сәйкес егде жастағы адамдарды емдеу кезінде дозаны түзету талап етілмейді.
Бүйрек және (немесе) бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер арасында арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Дәрілік заттың токсикологиялық және фармакокинетикалық бейіні көрсетілген пациенттер үшін шектеулерді талап етпейді. Алайда, бүйректің және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Сақтық шаралары
Басқа емдеуді қажет етуі мүмкін басқа буын ауруларының болуын жоққа шығару үшін дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты енгізуді тек медицина қызметкерлері жүргізе алады.
Глюкоза көтере алмаушылығы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Терапияның бастапқы кезеңінде қант диабеті бар пациенттерге қандағы қант деңгейін үнемі бақылау қажет.
Жүрек – қантамыр ауруларының белгілі қауіп факторы бар пациенттерде қандағы липидтер деңгейін бақылау ұсынылады, өйткені гиперхолестеринемия глюкозамин қабылдаған пациенттерде бірнеше жағдайда байқалады.
Препаратты бронх демікпесімен ауыратын пациенттерді емдеу кезінде сақтықпен қолдану керек, өйткені мұндай пациенттер глюкозаминге олардың симптомдарының өршуі мүмкін аллергиялық реакциялардың дамуына бейім болуы мүмкін.
Қосымша заттар
Дәрілік препараттың бір дозасында 40,3 мг натрий бар. Мұны қатаң тұзсыз диетаны ұстану көрсетілген пациенттерге тағайындау кезінде ескеру керек.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды, себебі мұндай пациенттер үшін препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан препаратты қолдану пациенттердің осы санатына қарсы көрсетілген.
Препараттың көлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Көлік құралдарын басқару және зейін қоюды қажет ететін жұмыстарды орындау кезінде абай болу керек. Ұйқышылдық, қажу, бас айналу немесе көру қабілеті бұзылған жағдайда автокөлікті басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Дозалау режимі
Ересек пациенттер мен егде жастағы пациенттер
Қолданар алдында B ерітіндісін (1 мл еріткіш) А ерітіндісімен (2 мл препарат ерітіндісі) бір шприцте араластыру керек.
Препараттың дайындалған ерітіндісін бұлшықет ішіне 3 мл-ден немесе 6 мл-ден (А + B ерітіндісі) аптасына 3 рет 4-6 апта бойы енгізу керек.
А ампуласындағы ерітіндінің сарғыш түсті болуы дәрілік заттың тиімділігі мен жағымдылығына әсер етпейді.
Препараттың инъекцияларын ерітінді дайындауға арналған ұнтақ түріндегі препаратты пероральді қабылдаумен үйлестіруге болады.
Глюкозамин жедел ауырсыну синдромын емдеу үшін көрсетілмеген.
Симптомдарды жеңілдету (әсіресе ауырсыну сезінулерді азайту) бірнеше апта бойы емделгеннен кейін ғана, ал кейбір жағдайларда ұзақ уақыттан соң де пайда болуы мүмкін.
Бүйрек және/немесе бауыр функциялары бұзылған пациенттерге дозаны түзету бойынша ұсынымдар берілмейді, өйткені тиісті зерттеулер жүргізілген жоқ.
Бұлшықет ішіне қолдануға арналған! Препарат вена ішіне енгізуге арналмаған.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозалану жағдайлары белгісіз. Артық дозаланған жағдайларда су-электролит теңгерімін қалпына келтіруге бағытталған симптоматикалық ем жүргізу керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің немесе дәріхана қызметкерінің кеңесіне жүгініңіз.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиісті шаралар (қажет болғанда)
Жиі:
Жиі емес:
Белгісіз:
Гиперхолестеринемияның маркетингтен кейінгі жағдайлары туралы хабарланды, бірақ себеп-салдар байланысы анықталған жоқ.
Препараттың инъекциялық түрінде лидокаин бар. Ерекше жағдайларда осы компонентке тән жағымсыз реакциялар болуы мүмкін:
Өте сирек:
Белгісіз:
Егер осы жағымсыз әсерлердің бірі нашарласа немесе осы нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсер байқалса, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Дәрілік препараттың құрамы
Бір мл препараттың (А ампула) құрамында:
белсенді зат – глюкозамин сульфаттың натрий тұзы 100 % затқа шаққанда – 251,25 мг, глюкозамин сульфатқа шаққанда – 200 мг, натрий хлоридіне шаққанда – 51,25 мг;
қосымша заттар: лидокаин гидрохлориді, күкірт қышқылының 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су;
1 мл еріткіштің (В ампула) құрамында диэтаноламин, инъекцияға арналған су бар.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
А ампула: мөлдір, түссіз немесе ашық-сарыдан сары түске дейінгі сұйықтық;
В ампула: мөлдір түссіз сұйықтық;
А+В ампула: мөлдір түссіз немесе ашық сарыдан сары түске дейінгі сұйықтық.
2 мл препараттан сыйымдылығы 3 мл (А ампула) сындыру сақинасы (немесе сындыру нүктесі) бар мөлдір қоңыр шыны ампулаға құйылады.
1 мл еріткіштен сындыру сақинасы (немесе сындыру нүктесі) (В ампула) бар түссіз мөлдір шыныдан жасалған ампулаға құйылады.
Ампулаларға өздігінен желімденетін заттаңбалар жабыстырылады.
5 А ампуладан (препаратпен) және 5 В ампуладан (еріткішпен) полимерлік үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамаларға салынады.
А ампуласы бар 1 пішінді ұяшықты қаптамадан және В ампуласы бар 1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дайындалған ерітіндіні бірден қолдану керек.
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Рецепт арқылы
«Фармак» АҚ, Украина, 04080, Киев қ, Кирилловская к-сі, 74.
Тел.: +38 (044) 496 87 87, электрондық пошта: info@farmak.ua
«Фармак» АҚ, Украина, 04080, Киев қ., Кирилловская к-сі, 63.
Тел.: +38 (044) 496 87 87, факс: +38 (044) 239 19 40
электрондық пошта: info@farmak.ua
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, электронды пошта)
Тұтынушылардың шағымдарын мына мекенжайға жолдауға болады:
Қазақстан Республикасындағы «Фармак» АҚ өкілдігі
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., индекс 050051, Фонвизин к-сі, 22.
Тел.: +7 (771) 765 43 94, электрондық пошта: phv@farmak.kz