Саудалық атауы
Пектолван® шырмауық
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Шәрбат
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Жөтел және суық тию кезінде қолданылатын препараттар. Жөтелді басатын біріктірілімдерді қоспағанда экспекторанттар. Қақырық түсіретін препараттар. Шырмауық жапырақтары экстрактісі.
АТХ коды: R05CA12
Қолданылуы
Пектолван® шырмауық дәрілік препаратын ересектер мен 2 жастан асқан балаларға жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпенің созылмалы және жедел қабыну ауруларын кешенді емдеуде симптоматикалық дәрі ретінде қолдануға көрсетілген.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- шырмауық жапырақтары экстрактісіне, Аралия тұқымдас өсімдіктеріне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын фруктоза/сорбитол жақпаушылығы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 2 жасқа дейінгі балалар
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Егер ауру сиптомдары жойылмаса немесе ентігу, дене температурасының жоғарылауы, сондай-ақ жөтел кезінде іріңді немесе қанды қақырық пайда болса, дереу дәрігермен кеңесу керек.
Гастрит немесе асқазан ойық жарасы бар пациенттерге сақтықпен қабылдау керек.
Препаратты құрамында кодеин бар дәрілер және басқа да жөтелге қарсы дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Құрамында кодеин бар дәрілер және басқа да жөтелге қарсы дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Арнайы ескертулер
Егер сізде кейбір қанттардың жақпаушылығы анықталса, осы препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесіңіз.
2,5 мл шәрбаттың құрамында 963 мг қант алмастырғыш зат сорбит = 0,08 нан бірлігі бар.
5 мл (1 өлшегіш қасық) шәрбаттың құрамында 60 мг натрий цитраты бар, тұзсыз диетаны ұстанған адамдарға тағайындағанда сақ болыңыз, жергілікті тері реакциялары (жанаспалы дерматит) пайда болуы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
2 жастан 4 жасқа дейінгі балаларда қолданылуы дәрігердің ұсынысын талап етеді. Тыныс алу симптомдарының нашарлау қаупіне байланысты 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүкті және бала емізетін әйелдердің препаратты қолдану бойынша қауіпсіздігі туралы клиникалық деректердің жеткіліксіз болуына байланысты осы көрсетілген пациенттер тобына препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Дозалау режимі
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 2 рет 2,5 мл-ден.
6 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға – тәулігіне 3 рет 2,5 мл-ден.
Ересектер мен жасөспірімдерге – тәулігіне 3 рет 5 мл-ден.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді, бірге болатын мөлшерлеуіш қасық арқылы ішке қабылдау керек.
Әр қолданар алдында құтыны жақсылап шайқау керек. Әр қабылдаудан кейін құтыны тығыздап жабу керек!
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы дәрігермен жеке анықталады. Жеңіл жағдайларда емдеу ұзақтығы 1 аптаны құрайды. Егер пациенттің жағдайы жақсармайтын болса, кейінгі емге қатысты дәрігермен кеңесу керек. Емдік әсерді бекіту үшін аурудың симптомдары жойылғаннан кейін емдеуді тағы 2-3 күн жалғастыру ұсынылады
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Препаратты тәуліктік дозадан үш есе көп мөлшерде қабылдау жүрек айнуын, құсуды, диарея мен қозуды тудыруы мүмкін.
Емі: симптоматикалық.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиісті шаралар
Өте сирек:
- құрамында шырмауық жапырақтарының экстрактісі бар дәрілерді қабылдаудан кейін ентігу, Квинке ісінуі, экзантема, есекжем сияқты аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін
- жүрек айнуы, құсу және диарея сияқты асқазан-ішек жолы бұзылыстарының симптомдары кейбір жағдайларда туындауы мүмкін
- өнімнің құрамында сорбит болуына байланысты әлсіз іш жүргізетін әсері туындауы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
5 мл шәрбаттың құрамында
белсенді зат – кәдімгі шырмауық жапырақтары құрғақ экстрактісі (Hederae helicis е folium) ((4-8):1), (экстрагент этанол 30 %);
қосымша заттар: натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, сорбит (E 420), калий сорбаты, ксантан шайыры, «Шие» хош иістендіргіші, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Шие иісі мен тәтті жеміс дәмі бар ашық-қоңыр түсті мөлдір сұйықтық, жеңіл опалесценция пайда болуы мүмкін.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ашылуын бақылау сақинасы бар бұрандалы қақпақтармен тығындалған, қоңыр шыныдан жасалған бұрандалы мойны бар шыны құтыларға 100 мл-ден.
Құтыға өздігінен жабысатын заттаңба жабыстырылады.
Әрбір құты мөлшерлеуіш қасықпен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 90 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босату шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Фармак» АҚ, Украина, 04080, Киев қ, Кирилловская көш., 74.
Тел.: +38 (044) 496 87 87, электрондық пошта: info@farmak.ua
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармак» АҚ, Украина, 04080, Киев қ., Кирилловская көш., 63.
Тел.: +38 (044) 496 87 87, факс: +38 (044) 239 19 40
электрондық пошта: info@farmak.ua
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және тіркеуден кейінгі дәрілік заттың қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, электронды пошта)
«Фармак» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., индекс 050051, Фонвизин көш., 22.
Тел.: +7 (771) 765 43 94, электрондық пошта: phv@farmak.kz