Рецептісіз босатылатын препарат
Назоферон (спрей)
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
- Профилактика и лечение острых респираторных вирусных инфекций (ОРВИ) у детей от 1 года и взрослых.
Мұрынға арналған спрей
Интраназальді қолдану
Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға
Рецептісіз босатылатын препарат
ҚОЛДАНЫЛУЫ:
Мұрынға арналған спрей
Интраназальді қолдану
Ересектер мен 1 жастан бастап балаларға
Назоферон®
Интерферон альфа-2b
Мұрынға арналған спрей, 100000 ХБ/мл, 5 мл
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Иммуностимуляторлар. Интерферондар. Интерферон альфа-2b.
АТХ коды: L03AB05
1 жастан бастап балаларда және ересектерде жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) профилактикасы және емдеу.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Мұрынға тамызуға арналған тамыр тарылтатын препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені олар мұрын шырышты қабығының құрғауына себепші болады.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Препараттың құрамында метилпарагидроксибензоат бар, ол аллергиялық реакцияларды, соның ішінде кейіннен болатындарын, ерекше жағдайларда бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты қаптаманың бүтіндігі мен таңбалануы бұзылған жағдайда, физикалық қасиеттері (сұйықтықтың түсі немесе мөлдірлігі) өзгергенде және жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолданбаған жөн.
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін жекелей пайдалану ұсынылады.
Педиатрияда қолданылуы
Балаларға 1 жастан бастап қолданады.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Дозалау режимі
1 спрей-доза = дозаторды 1 рет тез басу.
ЖРВИ ауруларының алғашқы белгілерінде (5 күн бойы)
1-ден 3 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 3-4 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза – 60000-80000 ХБ);
3-тен 14 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 4-5 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза – 80000-100000 ХБ);
14-тен 18 жасқа дейінгі балаларға – 2 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 5-6 рет (бір реттік доза – 20000 ХБ, тәуліктік доза – 100000-120000 ХБ);
Ересектерге – 3 спрей-дозадан әрбір мұрын жолына тәулігіне 5-6 рет (бір реттік доза – 30000 ХБ, тәуліктік доза – 150000-180000 ХБ).
Респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы үшін
Науқаспен қарым-қатынас кезінде және қатты салқындағанда, жоғарғы тыныс жолдарының ауруларынан жиі әрі ұзақ уақыт зардап шегетін пациенттерде – жасына қарай дозалануына сәйкес тәулігіне 2 рет 5-7 күн бойы. Қажет болған жағдайда профилактикалық курстар қайталанады. Науқаспен бір реттік қарым-қатынас кезінде бір рет бүрку жеткілікті.
Ұйымдасқан ұжымдарда (балалардың және ересектердің) аурудың маусымдық жоғарылауы кезінде «қауіп» топтарының – медицина қызметкерлерінің, мұғалімдердің арасында – жасына қарай дозалануына сәйкес бір рет таңертең 1-2 күн аралықпен.
Мұрынға арналған спрейін пайдалану сызбасы:

| Құты | Сынама бүрку | Пайдалану |
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы 5-тен 7 күнге дейін.
Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар
Жедел клиникалық біліністермен қатар жүретін артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған. Алайда, кез келген фармакологиялық белсенді заттың артық дозаланған кезіндегідей, тіршілік үшін маңызды ағзалардың функциясына жиі мониторинг жүргізіп және пациенттің жай-күйін мұқият бақылай отырып симптоматикалық ем жүргізу көрсетілген.
Сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну керек
ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Бірлі-жарым жағдайларда – терідегі бөртпе.
Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда дәрігерден кеңес алу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
Дәрілік препараттың құрамы
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат – адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны – 100000 ХБ кем емес,
қосымша заттар: трометамол, трометамол гидрохлориді, гипромеллоза, динатрий эдетаты, лизин гидрохлориді, калий хлориді, метилпарагидроксибензоат (Е 218), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
5 мл-ден инъекцияға арналған қоңыр шыныдан жасалған құтыларға немесе мұрынға арналған бүріккіші бар сорғы-дозаторлармен жабылған жарықтан қорғайтын шыны құтыларға құйылады. Құтыларға өздігінен желімделетін заттаңбалар жапсырылады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін 2 °С-ден 8 ºС-ге дейінгі температурада (тоңазытқышта) сақтаған жағдайда қолдану кезеңі – 10 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Рецептісіз
«Фармак» АҚ, Украина, 04080, Киев қ., Кирилловская к-сі, 74.
Тел.: +38 (044) 496 87 87, электронды поштасы: info@farmak.ua
«Фармак» АҚ, Украина, 04080, Киев қ., Кирилловская к-сі, 63.
Тел.: +38 (044) 496 87 87, факс: +38 (044) 239 19 40
электронды поштасы: info@farmak.ua
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, электронды пошта)
«Фармак» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., индексі 050051, Фонвизин к-сі, 22.
Тел.: +7 (771) 765 43 94, электронды поштасы: phv@farmak.kz