Саудалық атауы
Лизак®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі, дозасы
Шоколад дәмі бар соруға арналған таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТX коды: R02АА20
Қолданылуы
- препаратқа сезімтал қоздырғыштар туғызған ауыз қуысы мен тамақтың қабыну процестерін жергілікті антисептикалық емдеуде (катаральді, ойық жаралы, фиброзды гингивиттер; афтозды стоматиттер; ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидозы; фарингиттер; тонзиллиттер; ларингиттер және глосситтер)
- ауыз қуысы мен тамаққа операциялық араласуға дейінгі және кейінгі инфекциялардың профилактикасында
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші заттарға немесе препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
Шоколад дәмі бар соруға арналған 1 таблеткада қант диабетімен ауыратын науқастар ескеруі қажет болатын 0,05 НБ бар.
Инфекция жайылуының негізгі клиникалық симптомдары болған кезде жүйелі бактерияға қарсы ем тағайындау қажет. Қандай да бір жағымсыз әсерлер пайда болған кезде Лизак® препаратының таблеткаларын қабылдауды тоқтатып, басқа дәрілік затты тағайындау қажет.
Жергілікті емдеуге арналған басқа препараттармен бір мезгілде қолдануды абайлап жүргізген жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Кайексалатпен (гиперкалиемияны емдеуге арналған дәрі) бір мезгілде қолданған кезде терінің және шырышты қабықтардың, әсіресе асқазан-ішек жолдарының ауыр некроздық зақымдануының даму ықтималдығы бар.
Деквалиний хлоридінің бактерияға қарсы белсенділігі анионды детергенттерді, мысалы, тіс пастасын бір мезгілде қолданған кезде төмендейді.
Препаратты қолдануды холинэстераза тежегіштерін қабылдаумен біріктіруге болмайды.
Лизоцим пенициллин, хлорамфеникол секілді бактерияға қарсы препараттардың тиімділігін арттырады.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Осы дәрілік түріндегі препарат аспирацияның даму қаупіне байланысты 6 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін қолданылмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ, сондықтан, жүктілік кезеңінде препаратты дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдануға болады, егер емдік әсер шаранаға әсер ету қаупінен асып кетсе.
Бала емізу кезеңінде препаратты дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қолдануға болады, егер емдік әсер балаға әсер ету қаупінен асып кетсе.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Лизак® препараты жоғары зейін қоюды талап ететін жұмыстарды орындауға (автокөлікті басқаруға және жылжымалы механизмдермен жұмыс істеуге) әсер етпейді.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға ұсынылатын дозалар.
Әрбір 2-3 сағат сайын соруға арналған 1 таблеткадан (тәулігіне 10 таблеткадан асырмай) қолдану керек. Қабыну симптомдары азайғаннан кейін – әр 4 сағат сайын 1 таблеткадан.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылатын дозалар.
Әрбір 3 сағат сайын соруға арналған 1 таблеткадан (тәулігіне 5 таблеткадан асырмай) қолдану керек. Қабыну симптомдары азайғаннан кейін – әр 4 сағат сайын 1 таблеткадан.
Енгізу әдісі мен жолы
Таблетканы шайнамай баяу сорған жөн.
Препаратты қолданғаннан кейін 30 минут тамақтанбау және сұйықтық ішпеу ұсынылады.
Емдеуді ауру симптомдары жойылғаннан кейін тағы 1-2 тәулік бойы жалғастыру керек. Лизак® препаратын ауру симптомдары жойылғанға дейін қолдану ұсынылады. Егер симптомдар 5-7 тәуліктік емдеуден кейін жойылмаса, емдеудің одан әрі тактикасын анықтау мақсатында дәрігермен кеңесу керек.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Артық дозалану туралы деректер жоқ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің немесе дәріхана қызметкерінің кеңесіне жүгініңіз.
ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы тиісті шаралар
Белгісіз:
- жүрек айнуы, ауыздың құрғауы, ауыз қуысының дисбактериозы (жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданған кезде);
- аллергиялық реакциялар, соның ішінде есекжем, бөртпе, қышыну;
- тамақ пен ауыз қуысының шырышты қабығында шымылдатып ашыту және тітіркенуді сезіну.
Сирек жағдайларда, атап айтқанда, шамадан артық қолдану кезінде ойық жаралар мен некроздың пайда болуы.
Қандай да бір жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда препаратты қолдануды тоқтатып, міндетті түрде одан кейінгі емге қатысты дәрігермен кеңесу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: лизоцим гидрохлориді құрғақ затқа шаққанда – 10 мг,
деквалиний хлориді 100 % құрғақ затқа шаққанда- 0,25 мг;
қосымша заттар: декстроза моногидраты F, повидон, магний стеараты, дәмдік қоспалар: какао ұнтағы, шоколад.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ беткейлі, сызығы мен ойығы бар, сұрдан қоңырға дейінгі түсті, теңбілдермен, какао дәмі бар таблеткалар. Таблеткалардың беткейінде мәрмәрліктің болуына жол беріледі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
6 немесе 10 таблетка мөлдір емес полимер үлбірден (ақ пигменттелген) және тесілген немесе тесілмеген баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.
1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама (10 таблеткадан) немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама (6 таблеткадан) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Дәріханалардан босату шарттары
Рецептісіз
Өндіруші туралы мәліметтер
«Фармак» АҚ, Украина, 04080, Киев қ, Кирилловская к-сі, 74.
Тел.: +38 (044) 496 87 87, электронды пошта: info@farmak.ua
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фармак» АҚ, Украина, 04080, Киев қ., Кирилловская к-сі, 63.
Тел.: +38 (044) 496 87 87, факс: +38 (044) 239 19 40
электронды пошта: info@farmak.ua
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, электронды пошта)
Тұтынушылардың шағымдарын мына мекен-жайға жолдауға болады:
«Фармак» АҚ Қазақстан Республикасындағы өкілдігі
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., индекс 050051, Фонвизин к-сі, 22.
Тел.: +7 (771) 765 43 94, электронды пошта: phv@farmak.kz